27 маусым 2017 16:37

Журналистік сауалхатқа уақытында жауап бермеген қызметкерлерді жұмыстан босату ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unic.edu.ru © unic.edu.ru

Қазақстанда журналистердің сауалхатына уақытында жауап бермеген қызметкерлерді жұмыстан босату жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжіліс отырысынан кейін мәлімдеді. 


Қазақстанда журналистердің сауалхатына уақытында жауап бермеген қызметкерлерді жұмыстан босату жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжіліс отырысынан кейін мәлімдеді. 

"Барлық сұрақты нақтылап жатырмыз, өйткені журналистердің көбі жауап сапасы берілген ақпаратқа сай болмайтынына наразылығын білдіріп жатыр. Журналистердің пікірін ескере отырып, барлық мерзімді дұрыс көрсетіп бердік. Біздің сауалхатқа уақытында жауап бермеген қызметкерлер жұмыстан босатылады. Бұл қарастырылған", - дейді министр. 

Абаевтың сөзінше, БАҚ сауалхатына жауап беру мерзімдері түзетіледі. 

"Қазір ресми хабарлама бар. Оның аясында сіздерге екі күн ішінде жауап беріп, нақтылауы керек. Егер алдыңғыға қатысты емес жаңа сауалыңыз пайда болса, оған жауап беру мерзімін 15 күнге дейін ұзарттық. Мемлекеттік орган өзі толық жауап бере алу үшін. Қазір журналистердің 90 пайызы алынған жауапқа риза болмайды", - дейді министр. 

Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдар мен мемлекет сыңайлы секторда БАҚ-пен жұмыс істейтін өкілеттіктер пайда болады. 

"Жаңа қызмет пайда болады - өкілетті тұлға. Бұл адамды баспасөз хатшысы, ресми өкіл, департамент директоры деп атауға болар, бірақ, бұл адам бұқаралық ақпарат құралдары үшін жауап беретін болады. Ол басшыға тікелей бағынышты болады", - дейді Абаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети