15 наурыз 2022 12:12

Министр Қазақстандағы Wildberries жұмысында шыққан ақауға байланысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы танымал Wildberries маркетплейсі жұмысында шыққан ақауға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы танымал Wildberries маркетплейсі жұмысында шыққан ақауға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер министрге киім, аяқкиім, электроника, балалар тауары, үй тауары және басқа да тауарлар сатылатын Wildberries халықаралық интернет-дүкені неге істен шыққанын сұрады.

"Осындай маркетплейстердің көпшілігінің порталында ақау шыққаны туралы ақпарат бар. Шағым түссе, жауап береміз. Әзірге мұндай шағым түскен жоқ. Дереу осы туралы ақпарат алған кезде Wildberries-ке хабарластық, олар бүгін шешіледі деп уәде берді", - деп жауап берді Сұлтанов Үкімет отырысы аясында.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық қолданушылар әлеуметтік желілердегі дүкен жұмысында шыққан ақауға шағымдана бастаған болатын. Көптеген адам шоттарында тапсырыс туралы барлық ақпарат жоқ екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети