01 қараша 2022 12:42

Министр казиноға миллиондап ақша салған шенеуніктер туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа казиноға 500 миллион теңгеден аса ақша салған шенеуніктер туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа казиноға 500 миллион теңгеден аса ақша салған шенеуніктер туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы кулуарында журналистер министрден шенеуніктер ойынханаға жұмсайтындай мұндай соманы қайдан алатыны туралы сұрады.

"Енді, қандай да бір жеке жинақтарын жұмсайды деген сөз. Егер адам лудоман болса (құмар ойындарға патологиялық бейімділік - еск.), демек, ол өз кірісінен, қолда бар қаражаттан қарыз алып, келіп, жұмсайды. Бұл жерде мен қалай пікір білдіремін, бұл тек мемлекеттік қызметшілерге ғана қатысты емес, бұл құмар ойындарға әуестенген кез келген азаматтарға қатысты", - деп жауап берді министр.

Еске салайық, Алматы облысының прокуратурасы казино мен ойын автоматтары залдарына тексеріс жүргізіп, 305 шенеунік казиноға 507 миллион теңге жұмсағанын анықтаған еді.

"Бұл қате". Жоғарғы Сот казино туралы құжатқа қатысты пікір білдірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети