Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық "Қызғылт қоян туралы хикая" фильмді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық "Қызғылт қоян туралы хикая" фильмді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір арнайы көркем фильмдерге зер салып жүрміз. Қазақ Елі туралы, "Анаға апарар жолды" түсірдік, тарихшы Бекмаханов туралы "Аманат" картинасын, Әміре Қашаубаев туралы түсіріп жатырмыз. "Қызғылт қоянды" халықтың ақшасына түсірді. Қайда қазір бұл фильм? Оның орнына тарихи фильмдер жасау керек еді. Қазір біз "Томирис" туралы фильм дайындап жатырмыз, кеше ғана Ақан Сатаевпен жолықтық, бәрі бекітілді. Осы арқылы тарихқа назар саламыз", - дейді Мұхамедиұлы мәдениет мәселелері туралы актілерге өзгеріс енгізуді талқылау барысында.
Сондай-ақ, отырыс кезінде Парламент депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстан әншілерін ән салу кезінде фонограмма қолдануға тыйым салуды ұсынды.