31 наурыз 2017 12:54

Депутат қазақстандық әртістерге фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© news.nashbtryansk.ru © news.nashbtryansk.ru

Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстандағы әншілерге фонограмманы қолдануға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Қазақстандағы әншілерге фонограмманы қолдануға тыйым салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықпен кездесу барысында концертте фонограмманы қолдануға қатысты мәселелер қозғалады. Әрине, біз әртіс емеспіз, әнші емеспіз, бұл мәселені түсінбеуіміз мүмкін. Бірақ Түрікменстанда және басқа да көрші елдерде фонограммамен ән айтуға тыйым салынған", - деді депутат Еңсегенов.

"Әнші концертке келгенде, ол өзінің қызметін сатады. Ал көрермендер, яғни, тұтынушылар оған осы концертті көру үшін төлейді. Осы жағынан алып қарасақ, тұтынушы жақсы қызмет түріне ие болуы керек. Сол адамның әнін фоноргамма, магнитофон, диск, немесе кассета сатып алып, тыңдауға болады. Осыған байланысты халық былай деп жатады: біз концерттерге әртісті көріп қайту үшін ғана бармаймыз ғой, біз оның даусын тыңдаймыз, әнін қалай орындағанын көреміз, бізге оның фонограммасының не қажеті бар", - деді сенатор.

Сондай-ақ, депутат министрден заң жобасына өзгерістер енгізуді қарастыруды сұрады.

"Құрал-жабдықтар мен аспаптар жетіспейді деп жатады. Бірақ бір кездері әртістеріміз фонограммасыз да тірі дауыста ән айтты ғой, сондықтан мәселені шешу керек. Бұл әртістің қаншалықты дарынды екенін көрсетеді. Сондықтан, өтінішім, заңға өзгеріс енгізіңізші", - деді Еңсегенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети