24 қараша 2017 13:46

Министр Мырзахметов Атамбаевтың мәлімдемесіне жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атамбаев осыған дейін Қырғызстан шекарасындағы мәселелерді шешу үшін Қазақстандағы шекараны екі күнге жауып тастау жеткілікті екенін айтқан болатын. Асқар Мырзахметовтың айтуынша, Қырғызстан мұндай шешімді қабылдай алмайды.

Министр өз кезегінде трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесі тек халықаралық келісімдер бойынша жүргізілетінін еске салды.

"Меніңше, мұндай шешімді тек Қырғыз Республикасы тарапы қабылдай алмайды, себебі трансшекаралық өзендерді қолдануға қатысты халықаралық ережелер бар. Қырғызстан осы ережелерді сақтауы керек. Біздің де есебіміз бар, жыл сайын ауыл шаруашылығына қажетті тауарларды өндірумен айналысатындарды қажетті сумен қамтамасыз етуге бағытталған шараларымыз бар", -  деді министр Мырзахметов.

Сондай-ақ, ведомство басшысы халықаралық ережелерде екі тараптың да міндеттері көрсетілетіні туралы айтып өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети