26 мамыр 2021 16:26

Министр QosLike бағдарламасын жабу туралы ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында есеп беру кезінде қоғамда наразылық туғызған телевизиялық бағдарламаларды жабу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдында есеп беру кезінде қоғамда наразылық туғызған телевизиялық бағдарламаларды жабу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балаеваның айтуына қарағанда, министрлік кез келген бағдарламаны қалаған кезде жауып тастай алмайды.

"Ақпарат министрлігінің кез келген ұнамаған бағдарламаны жауып тастауға құзыреті жоқ. Заң бар, ал QosLike сияқты бағдарламалар жекеменшік БАҚ-тарда жүргізіліп жатыр. Қоғам тарапынан наразылық болғаннан кейін біз олармен сөйлесіп, нақты өз ұсыныстарымызды бердік. Ондай бағдарламалардың тағдыры рейтингке байланысты. Қоғамның бір бөлігі оларға наразы болса, екінші бөлігі соны өліп-тіріліп қарайды. "Астарлы ақиқат", "Қалаулым" деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұрғандар. Демек, сұраныс бар, халық көретін болған соң БАҚ-тың иесі ешқашан ол бағдарламаларды жаппайды", - деді министр.

Сонымен қатар, Балаева БАҚ қызметкерлерін халықтың талғамын көтеруде жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

"Менің ойымша, министрлік те, БАҚ та бір мақсатқа жұмылып, қоянқолтық жұмыс істеуі керек - халықтың мәдениеті мен талғамын көтеруге. Егер бұл мәселенің барлығы дұрыс жолға қойылса, халық ақ пен қараны ажырата білсе, сонда ғана мұндай бағдарламалардың рейтингі төмендеп, жабылады. Осы орайда бірге жұмыс істеуге дайынбыз.

Айта кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қалаулым", "Қалауым сен" атты бағдарламаларға қатысты тапсырма бергені туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазған болатын.

Ол кезде Берік Уәли соңғы кездері республикалық арналардан шығып жатқан "Қалаулым", "Қалауым сен" бағдарламаларына қоғам тарапынан қарсылық көбейіп кеткенін атап өткен. Оның айтуынша, қарсылықтарға бұл бағдарламалардың халқымыздың менталитетіне, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына қайшы келуі себеп болған.

Берік Уәли мемлекет басшысының бұл бағдарламаларға қатысты қоғам ұстанымын білетінін айтып, халықтың пікірі ескеріліп, арналардың да саясатына нұқсан келтірілмей тиісті шешімнің шығарылатынын мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети