Министр Сағадиев ҰБТ-дан "Қазақ тілі" пәнінің алып тасталуын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Сағадиев ҰБТ-дан "Қазақ тілі" пәнінің алып тасталуын түсіндірді

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-дан қазақ тілінің алып тасталғаны жайлы мәселені түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-дан қазақ тілінің алып тасталғаны жайлы мәселені түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келген болса да, оның нәтижелері есепке алынбаған, яғни грант алуға ықпал етпеген. Сонымен қатар, мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест түрінде емес, мектептің өзі әзірлеген билеттер бойынша тапсырған. ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті, сондай-ақ, биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілі бойынша тест тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, аттестатты алу үшін әрбір түлек міндетті түрде емтихан тапсырып, тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс", - деді министр.

 

Еске салайық, кеше, Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден "Қазақ тілі" пәнінің жоқ екенін ресми мәлім еткен болатын. Осылайша, Әлімқұловтың сөзіне қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында "Математикалық сауаттылық", "Оқу сауаттылығы" және "Қазақстан тарихы" атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети