08 қараша 2021 13:37

Министр шахтадағы жарылыс туралы: Әзірше күдіктілер жоқ

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қарағанды облысы "Абай" шахтасындағы төтенше жағдайдың алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қарағанды облысы "Абай" шахтасындағы төтенше жағдайдың алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлі үйінділер тазаланып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға метан жарылуынан болды. Қазір іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Біріншіден, жарылыстың, азаматтардың өліміне не себеп болғанын анықтау керек. Тәулік ішінде бірде-бір сараптамалық зерттеу жүргізілмеді. Сараптама қорытындысы, мамандардың қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады. Қазір адам өлімі мен жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Тұрғымбаев журналистерге берген жауабында.

Ол болған оқиғаға қатысты күдіктілер әлі анықталмағанын айтты.

7 қарашада "Абай" шахтасында жарылыс болды. Алты қызметкер қайтыс болып, тағы екеуі ауруханада ауыр халде жатыр. Облыс әкімдігі қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің аттарын жариялады. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына он жылдық жәрдемақы төленеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети