Министр Сүлейменов жалақының өсуіне байланысты үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Министр Сүлейменов жалақының өсуіне байланысты үндеу жасады

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қазақстандық кәсіпкерлер мен өндірушілерге үндеу жасады. Министр Президенттің жалақыны өсіру туралы заңынан кейін бағаны көтермеуді сұрады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Министрге еліміздегі әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттай ма, жоқ па деген сұрақ қойылды.

"Бизнесмендерімізге, ірі және ұсақ сауда желілеріне үндеу жасағым келеді. Біз жалақы өсті деп бағаны көтермеуіміз керек. (...) Жалпы экономикамыз өсті, бірақ әр адамның табысы өсті деп айта алмаймыз. Сондықтан қазір осындай шешім шығардық. Халықтың нақты табысы экономика өсіміне сәйкес болуы үшін осылай жасап жатырмыз", - деп түсіндірді Сүлейменов.

Министр кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілік танытып, бағаны көтермейтініне сенетінін айтты.

"Біздің барлық кәсіпкерге өтініш, осы жақсы бір өзгерісті дұрыс қабылдаңыздар.. (…) Бағаны көтерудің қажеті жоқ", - деді ұлттық экономика министрі.

Сүлейменов уәкілетті органдардың баға өсімін қатаң қадағалайтынын ескертті. 

Мұның алдына министр жалақының өсуі министрлер мен депутаттарға қатысы жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети