31 қазан 2018 15:01

Жалақының өсуі министрлер мен депутаттарға қатысы жоқ - ҚР ҰЭМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz © yvision.kz

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қай мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов қай мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің жыл сайынғы Жолдауында бюджеттік ұйымдардағы қызметкерлердің жалақысын өсіру туралы айтылған болатын.

"Жалақының өсуі тек қатардағы мемлекеттік қызметкерлерге қатысы бар. Кейбір мемлекеттік қызметкерлер расында да 28 мың 400 теңге жалақы алатын. Президенттің жалақыны 1,5 есеге 42 мың теңгеге дейін өсіретінімізді айтты. Ол жалақыны қатардағы қызметкерлер алады: министрлер емес, министрлердің орынбасарлары емес, депутаттар да емес. Мұның тек бюджет саласындағы қызметкерлерге қатысы бар - мұғалімдер, кеңсе қызметкерлері, іс жүргізушілер, ауруханалардағы санитар қызметкерлер. Президенттің Жолдауы сол қызметкерлерге арналады. Кабинеттерде отырған министрлер мен шенеуніктерге қатысы жоқ", - деді министр Мәжіліс отырысы барысында.

Айта кетейік, бүгін төменгі палата депутаттары үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети