05 шілде 2020 21:17

Министр тікұшақпен у шашып жатыр деген сыбысқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусты тікұшақтардың көмегімен қалалардың үстінен шашып жатыр деген жалған хабарларға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусты тікұшақтардың көмегімен қалалардың үстінен шашып жатыр деген жалған хабарларға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус пандемиясының жасанды сипаты туралы, коронавирус бойынша статистиканы арттыру үшін ауадағы кейбір уландырғыш заттарды шашырату туралы әртүрлі жарияланымдар бар. Басқа да ақпаратты таратады. Халықты жаңылыстыруға жол бермеу үшін қандай шаралар қолданылады?", - деп сұрады журналистер ОКҚ брифингінде. 

"Қазақстанда сөз бостандығы әрдайым болды және бар. Бұл азаматтардың өз пікірін білдіру құқығы. Бірақ біз нақты статистиканы басшылыққа алуымыз керек. Коронавирус қазір Қытайдағы әлдебір алыс вирус емес. Біздің әрқайсымыз таныс, туысқандар, отбасы мүшелері, жақындарымыз ауырып жатыр. Әрбір азамат коронавирус инфекциясының барын және өкінішке орай өлімге әкелетінін көріп отыр. Сондықтан, тіпті дәлелдеудің қажеті жоқ, себебі бұл айқын факт", - деп жауап берді Цой.

Ол азаматтарға Қазақстандағы нақты жағдайды білу үшін тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенуге кеңес берді.

Еске салайық, мұның алдында Қорғаныс министрлігі коронавирус инфекциясын тікұшақпен таратып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети