19 ақпан 2019 12:35

Министр Тұрғымбаев полицейлердің баспана мәселесі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлаж © Tengrinews.kz фотоколлаж

Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің баспанамен қалай қамтамасыз етілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің баспанамен қалай қамтамасыз етілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Шынымен де, полиция қызметкерлерінің баспанасы - өте ауқымды мәселе. Егер бұрындары қызметтік пәтерде тұру мүмкіндігі болса, қазір ол жоқ. Мен осы мәселені көтердім, жергілікті деңгейде әкімдер көмектесіп жатыр, бірінші кезекте учаскелік инспекторларға көмектесу керек. Ең бастысы - барлық ауылды, алыс ауылдарды қамту, адамдар өздерін ірі қалаларда ғана емес, сондай-ақ алыс аймақтарда да қауіпсіз екенін сезінуі керек", - деді министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Қашпаймын, дос боламын - ІІМ жаңа басшысы

Министрдің айтуынша, ІІМ жүйесінде 159 мың адам жұмыс істейді, оған Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, ТЖ Комитеті мен Ұлттық ұлан қызметкерлері кіреді. Олардың 35 мыңы баспанаға мұқтаж. 

"Біз әкімдерден тұрғын үймен бірге учаскелік полиция пункттерін жасақтауды өтіндік. Мысалы, бір ауылда жұмыс істейтін учаскелік полиция таңертең басқа ауылға бармауы керек. Яғни ол осы ауылда тұратын болады, сол жерде учаскелік полиция пунктінде жұмыс істейді. Халық дәл сол жерде заң кеңесін алуға болатынын білсе, онда шағыммен немесе өтінішпен жүгінуге болады, әрине, онда барлық заң бұзушылықтар бойынша жедел әрекет ететін болады", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

2019 жылы 12 ақпанда Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды. ІІМ бұрынғы басшысы Қалмұхамбет Қасымов Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

18 ақпанда Нұрділдә Ораз ішкі істер министрінің кеңесшісі - ІІМ ресми өкілі болып тағайындалды. Бұрындары министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев болған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети