29 мамыр 2019 | 09:18

Министр ҰБТ орталығының директоры не үшін қамалғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамазан Әлімқұлов. © facebook.com Рамазан Әлімқұлов. © facebook.com

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мемлекеттік сатып алу кезінде қонақүй қожайындарынан пара алған деп айыпталып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов мемлекеттік сатып алу кезінде қонақүй қожайындарынан пара алған деп айыпталып отыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Еске салайық, 24 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры Рамазан Әлімқұловты ұстаған болатын.

"Тергеу амалдары жүріп жатыр. Бізге белгілі болғандай, ол мемлекеттік сатып алу кезінде қалаға келуші адамдарды орналастыратын қонақүйлерді таңдауға қатысты қамауға алынған", - деді министр Шәмшидинова.

"Қазіргі таңда бұрынғы Ұлттық тестілеу орталығының бас директорының міндетін атқарушы (орталықты 2016 жылы басқарған) білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялардың мүддесін лоббилендіруі үшін пара ретінде бағасы 9 миллион теңгеден асатын Toyota Camry алды деп танылды", - делінген еді агенттіктің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети