24 мамыр 2019 14:27

Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, осы аптада Ұлттық бюро мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Ұлттық тестілеу орталығының басшылығы тарапынан парақорлықтың сыбайлас жемқорлық схемасының жолын кесті. Бұл орталық білім сапасын бағалау жүйесінің аясында емтиханның барлық түрлерін ұйымдастырумен және өткізумен айналысады.

"Қазіргі таңда бұрынғы Ұлттық тестілеу орталығының бас директорының міндетін атқарушы (орталықты 2016 жылы басқарған) білім жүйесімен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында үлестес компаниялардың мүддесін лоббилендіруі үшін пара ретінде бағасы 9 миллион теңгеден асатын Toyota Camry алды деп танылды", - делінген агенттіктің хабарламасында.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, параны алу туралы жинақталған дәлелдемелерді есепке алумен және түскен өтініш негізінде сотқа дейінгі тергеу жеделдетілген түрде жүргізіліп жатыр..

"Бұдан бөлек, ұқсас заңсыз іс-әрекеті үшін яғни 2017-2018 жылдар кезеңінде делдал арқылы жүйелі негізде аса ірі көлемде пара алған Ұлттық тестілеу орталығының бас директорына (2017 жылдан қазіргі уақытта дейін орталықты басқарған) қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды", - деді агенттіктің баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети