13 наурыз 2018 13:58

Министрдің орынбасары: Шығыс Қазақстанда су деңгейі тағы да көтерілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстандағы су тасқыны жақын күндері қайталануы мүмкін. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстандағы су тасқыны жақын күндері қайталануы мүмкін. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дауылды ескертуді алдық, атқарушы органдар мен тұрғындарға хабарлап отырмыз. Жақын күндері бұл аумақтарда су деңгейі тағы да көтерілуі мүмкін", - деді Ильин үкімет отырысының үзілісінде. 

"Бүгін түнде жағдай дұрысталды. Қазір Аягөзде жауын-шашынның мол түсуінен пайда болған ағындар кетті. Балқаш маңындағы елді мекендерге су келуі мүмкін, жағдайды бақылап отырмыз. Әзірше жағдай тұрақты", - деп атап өтті министрдің орынбасары. 

Оның айтуынша, екі күнде аймақта екі айлық жауын-шашын нормасы түскен. 

"Қардың еруі мен жауын-шашын салдарынан аймақта, әсіресе Аягөзде жүзден астам үйді су басты. Жалпы ШҚО-да 138 үйді су басты. Қазіргі таңда өңірде су кірген және суды сору жұмысы жүргізіліп жатқан сегіз үй ғана қалды", - деп хабарлады Ильин.  

Сонымен қатар, министрдің орынбасары жақын күндері Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында да су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін айтты. 

Еске салайық, Шығыс Қазақстанда Аягөз, Ұлан, Глубоковский аудандары мен Өскемен қаласында су тасқыны болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети