17 қаңтар 2024 14:24

Министрге донор болу туралы сұрақ қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: t.me/KZgovernment Фото: t.me/KZgovernment

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "қайтыс болғаннан кейін донор болуға еркі" туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "қайтыс болғаннан кейін донор болуға еркі" туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қоғамдық денсаулық сақтау туралы" кодексте келісім презумпциясы деген ұғым бар. Бұл көзі тірісінде ағзасын алуға тыйым салмаған әрбір дені сау қазақстандық қайтыс болғаннан кейін әлеуетті донор ретінде қарастырылатынын білдіреді. Бірақ ағзаны алу жұбайының жазбаша келісімі немесе қайтыс болған адамның жақын туыстарының келісімімен ғана жүзеге асырылады.

Мәжіліс кулуарында денсаулық сақтау министріне бұл түзетудің қаншалықты тиімді екені туралы сұрақ қойылды.

"Халықтың пікірін білу, олардың дайын екенін түсіну үшін Денсаулық сақтау министрлігінде электрон тізілім бар, eGov арқылы кез келген адам өз еркін білдіре алады. Бүгінде 40 мың адам өз тілегін білдірсе, оның 15 пайызы тірі науқастарды құтқару үшін ағзасын беруге келісті.

Бұл жұмыстарды, ірі ақпараттық жұмыстарды жүргіземіз. Желтоқсанда ауқымды трансплантациялар болды, екі донор, тоғыз адам. Біз барлығынан ұсыныстар жинап жатырмыз. Заң жобасын жасап, қоғаммен бірге боламыз", - деп жауап берді ол.

Журналистер министрден "қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісе ме" сұрады.

"Келісемін, тілегімді білдірдім", - деп жауап берді Ғиният.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети