19 шілде 2021 | 21:42

Министрлік балаларға вакцина салуға қатысты жоспарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 12-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді Pfizer/BioNTech препаратымен вакциналау жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 12-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді Pfizer/BioNTech препаратымен вакциналау жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз тек балаларды вакциналауға мүмкіндік береміз. Министрлікке балаларды қорғау үшін вакцина табу туралы қанша өтініш түсіп жатқанын білесіз. Амал не, біз ересектерге осындай мүмкіндікті береміз де, ал балаларға қазір көмектесуге мүмкіндігіміз жоқ. Яғни, бұл ата-ананың таңдау құқығы. 12 жастан бастап Pfizer вакцинасын қолдану ұсынылды. Біз 12 жастан асқан жастағыларды назарға алып отырмыз. Балалар жасына назар аудара отырып, олар вакцина салдыруға мүмкіндік алады. Тиісінше, азаматтар вакциналау керек пе, жоқ па - мұны өздері шешеді, бірақ біз вакцина алуға шақырамыз, өйткені вакцина көмектеседі. Өкінішке қарай, жаңа штаммдар балаларға әсер етеді", - деді министр "Хабар 24" телеарнасында тікелей эфирде .

Денсаулық сақтау министрлігі басшысына балаларға "Спутник V" және QazVac вакциналарын қолдануға мүмкіндік беретін сынақтар жоспарланды ма деген сұрақ қойылды.

"Спутникке" келетін болсақ, біздің білуімізше, мұндай клиникалық зерттеулерді қазір әріптестеріміз бен вакцина өндірушілер жүргізіп жатыр. QazVac - Қазақстан заңнамасында балаларға клиникалық зерттеулерге тыйым салынған. Біз қазір QazVac бойынша мұндай зерттеулер жүргізбейміз", - деп жауап берді Цой.

Бұған дейін Қазақстанда балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау мәселесі қарастырылып жатқаны хабарланған. Ал шетелде Pfizer және BioNTech вакциналарын балаларға салу басталған. Солардың ішінде Канада әлемде бірінші болып 12 жастағы және одан асқан балаларға вакцина салдыруға рұқсат берді.

Ал жоғарыда аталған Pfizer вакцинасы елге жыл соңына қарай 2 миллион дозамен келуі мүмкін.

Айта кетейік, кейінгі мәліметке қарағанда, 2021 жылғы 18 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 4 895 174 адам, 2-ші компонентін 2 798 360 адам салдырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети