06 мамыр 2021 09:12

Канада әлемде бірінші болып 12 жастағы балаларға вакцина салдыруға рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Канада Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech препаратын 12-15 жастағы балаларға қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Канада Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech препаратын 12-15 жастағы балаларға қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Канаданың Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі бас кеңесшісі Суприя Шарма Pfizer/Biotech вакцинасы балалар үшін қауіпсіз әрі тиімді екенін айтты.

"Жастар COVID-19 ауруларының ауыр жағдайларына аз ұшыраса да, қауіпсіз және тиімді вакцина аурудың отбасы мүшелері арасында таралмауына көмектеседі", - деді ол журналистерге.

Pfizer нәтижелері препараттың екінші дозасын салдырғаннан кейін зерттеуге қатысушылар арасында вакцинаның 100 пайыз тиімді екенін, сондай-ақ жанама әсер жоғын көрсетті.

Осылайша, ел билігі сынақтар балалар үшін вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсетті деп шешті. Оларға препарат мөлшері ересектермен бірдей салынады. Балалар арасындағы екпе әлі де бақыланады.

Айта кетейік, бұған дейін Канадада COVID-19-ға қарсы вакцинаны 16 жастан асқан тұрғындар ғана салдыра алған. 

Жақын арада АҚШ та осындай қадамға баруы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети