10 шілде 2022 08:44

Министрлік Желіде тараған Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастығына қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: stopfake.kz Фото: stopfake.kz

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Беларусь әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтататыны туралы құжаттың суреті тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Қазақстан Қорғаныс министрлігі жоққа шығарды.

"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған Беларусь Республикасымен әскери білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі уақытта факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, материалдар АЕК-те (ақпаратты есепке алу кітабында) тіркелді", - деді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі тек ресми деректерге ғана сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети