06 мамыр 2022 10:09

Министрлік Қапшағай тасжолының сапасы туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Қапшағай тасжолы Алматы-Қапшағай тасжолы

Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болды, ол қазір Қонаев болып өзгертілген. Енді Алматыға баратын тасжол жүктемесі артады деген болжам бар. Бұл ретте жыл сайын жүргізушілер күзден бастап жол мұз айдынына айналады деп шағымданады. Tengrinews.kz редакциясы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Қапшағай тасжолының сапасы туралы білді.


Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болды, ол қазір Қонаев болып өзгертілген. Енді Алматыға баратын тасжол жүктемесі артады деген болжам бар. Бұл ретте жыл сайын жүргізушілер күзден бастап жол мұз айдынына айналады деп шағымданады. Tengrinews.kz редакциясы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Қапшағай тасжолының сапасы туралы білді.

Ведомство мәліметінше, бұған дейін Алматы-Қапшағай тасжолы қайта жөндеуден өткен. Жұмыс технологиялық процестерді бұзбай, мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жасалғаны айтылды. Алайда көлік жүргізушілері күз келіп, күн суытқанда жол көктайғақ болатынына наразы.

"Жауын-шашын және температура нөлден төмен болғанда жолдың көп учаскесінде жұқа мұз қабықшасы бар көктайғақ құбылыстары пайда болады. Мұндай жағдайларда қызмет көрсету ұйымы бірден көктайғақты жоюға кіріседі. Қазіргі уақытта цемент-бетон жабындысы бар жолдарда көктайғақ құбылыстарын азайту үшін кедір-бұдырлы қабат төселіп жатыр", - делінген вице-министр Еркебұлан Дауылбаев қол қойған жауапта. 

Сондай-ақ, ол Алматы облысындағы континенттік климат жағдайында бетон жол салу қаншалықты негізді екеніне жауап берді.

"Алматы-Қапшағай учаскесіндегі республикалық маңызы бар А-3 автожолын қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасы 2013-2014 жылдары әзірленді. Жол жабынының жобасын есептеу кезінде жол жабынының пайдалану мерзімін ұлғайту үшін, нұсқаларды салыстыру нәтижелері және комитеттің ғылыми-техникалық кеңесінің шешімі бойынша жолды цемент-бетонмен жабу жобасы қабылданды", - деп толықтырды ИИДМ өкілі.

Министрлік мәліметінше, қазір Алматы-Қапшағай тасжолының жағдайы қанағаттанарлық.

"Жөндеуден кейінгі жол 2014-2016 жылдары пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстарына 63 миллиард 987 миллион ​​652 мың теңге жұмсалды", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Алматы-Қапшағай тасжолында жаппай жол апаты жиі болады. Мұндай жағдайлардың бірі биыл ақпанда тіркелген. Онда кем дегенде бес көлік соқтығысқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети