07 маусым 2021 18:10

Министрлік Medsupportkz-тің QazVac туралы мәлімдемесіне жауап берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты Medsupportkz қоғамдастығы ғалымдары мен дәрігерлері көтерген мәселелер бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты Medsupportkz қоғамдастығы ғалымдары мен дәрігерлері көтерген мәселелер бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"QazVac вакцинасын өндіру процесінде вирустың инактивациясы шынымен де формальдегидпен жасалады, бұл дәстүрлі әдіс және отандық фармакопеяда ешқандай шектеулер жоқ. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігіне келетін болсақ, вакцинаны өндіру кезінде вирустың морфологиялық тұтастығы мен қауіпсіздігі электрон микроскопия арқылы бірнеше рет тексеріледі. Клиникаға дейінгі зерттеулерде жануарлар мен сынақтың үш фазасында вакцина салынған еріктілердің сараптама нәтижесі көрсеткендей, қан сарысуында бейтараптандыратын антиденелер пайда болады, бұл COVID-19 инфекциясының алдын алуға кепілдік береді", - дейді Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтындағылар.

Ақпарат бойына, осылайша, QazVac вакцинасын өндіруде формальдегидті қолдану оның антигендігі мен иммуногендігін төмендетпейді.

"Қазіргі уақытта QazVac вакцинасының клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерінің нәтижелері бойынша әзірлеуші екі ғылыми мақаланы дайындады, оларға реценция беріліп, баспаға қабылданды, олар биыл шілдеде беделді әлемдік ғылыми журналдарда жарияланады", - деді ҒЗИ өкілдері.

Білім және ғылым министрлігі бірнеше сарапшының пікірін де ұсынды.

"Мedsupportkz ғалымдар мен дәрігерлер қауымдастығының мәлімдемесінде QazVac вакцинасын дайындау кезінде формальдегидті қолдануға қатысты алаңдау өте түсінікті жеткізілді. Шынында да вирусты инактивациялау үшін қолданылатын формальдегид вакцинаның антигендік қасиеттерін едәуір бұзуы мүмкін, осылайша оның тиімділігін төмендетеді. Қандай да бір вакцинаның тиімділігін объектив және толық баға беру үшін де клиникалық сынақтың үшінші кезеңін жасайды. Бүгінде QazVac оларды аяқтап жатқанын білеміз. Сарапшылар тобының құрамымен мен клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазаларында алынған нәтижелермен мұқият таныстым және олар вакциналанған адамдарда күшті жасушалық иммундық және жеткілікті антикалық жауаптың қалыптасуын айқын көрсетеді деп айта аламын. Бұл QazVac вакцинасын өндіру кезінде белсенділігі жойылған вирус өзінің антигендік қасиеттерін жоғалтпайтынын, яғни формальдегидті қолдану толығымен негізделген дегенді білдіреді. Бұл деректер әлемдегі ең беделді медициналық басылымдардың бірінде жарияланады.

Екінші "кедергі" - ​вакцинаның тиімділігін бағалаудың нақты әдісін табу. Яғни, коронавирусқа тән антиденелері бар вакцина алған еріктілердің үлесін есептеу (сероконверсия пайызы). Әрине, бұл әдіс вакцинаға иммундық реакцияның жанама көрсеткішін ғана анықтайды. Бірақ вакцинаның тиімділігінің көрсеткіші емес. QazVac тиімділігін нақты бағалау биыл шілденің ортасында вакцина алған еріктілер мен плацебо топтары арасында COVID-19 жұқтырғандар саны ескерілетін клиникалық сынақтардың үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін есептеледі", - дейді Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Ерлан Раманқұлов.

Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожиннің айтуынша, QazVac вакцинасы зертханалық жануарларға жүргізілген тәжірибелерде алдымен өзінің қауіпсіздігі мен жанама әсері жоқ екенін дәлелдеді. Кейін қауіпсіздік клиникалық зерттеудің бірінші және екінші кезеңінде еріктілер тобында расталды.

"QazVac вакцинасының вирусқа қарсы белсенділігі мен клиникалық тиімділігі клиникалық сынақтардың үшінші фазасының бірінші жартысының нәтижелері бойынша дәлелденді. Формальдегид ұзақ уақыт бойы түрлі вакцина өндірісінде қолданылып келеді. Мысалы, ол тырысқаққа қарсы вакциналарда, сондай-ақ  балаларға арналған әйгілі поливалентті вакциналарда кездеседі.

Формальдегид пен COVID-19 вирусының өзара әрекеттесуі туралы бірнеше мақала жарық көрген. Формальдегид вирусты инактивациялау үшін қолданылады, ал вирустың "жабысқақтары" құрамына кіретін S-протеиннің өзі конформациялық өзгерістерге ұшырамайды. S-протеинге реакция болғанда ғана антиденелер түзіледі", - дейді Талғат Нұрғожин.

Бұған дейін Medsupportkz қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлері коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны алуға кеңес бере алмайтынын мәлімдеген болатын.

Кейін Қазақстандық вакцинаны әзірлеуші және биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ерекше инфекциялар зертханасының меңгерушісі Лесбек Құтымбетов Medsupportkz қауымдастығының дәрігерлері мен ғалымдарының сынына жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети