Министрлік "Зерде" холдингін тарату туралы: Екі басшы арасындағы түсініспеушілік емес

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

"Зерде" холдингінің таратылуы Желіде жазып жатқандай тұлғааралық жанжал емес. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Зерде" холдингінің таратылуы Желіде жазып жатқандай тұлғааралық жанжал емес. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз хатшысы Facebook-парақшасында "Зерде" холдингінің таратылуына қатысты Желіде тараған ақпараттарға пікір білдірді.

"Зерде" холдингі қызметін одан әрі жалғастыру немесе жалғастырмау мәселесі Есеп комитеті анықтаған олқылықтардан кейін назарға ілігіп отыр.

Холдингті тарату барысында қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетіледі, сондай-ақ оларға заңнама шеңберінде қажетті өтемақы беріледі. Министрлік қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр және жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр", - деді Ерхан Тәткен.

Ол бұл процесті жеке бас мәселесіне қатысты деп көрсету және министрді "Зерде" холдингінің басшылығына қарсы қою дұрыс емес екенін айтты.

"Холдингтің таратылуы кейбір интернет-пайдаланушылар атап көрсетіп жатқандай, екі басшы арасындағы түсініспеушілік емес", - деді ол.

Сондай-ақ, ол холдинг жүргізген аудит нәтижелеріне қатысты мәселе шетте қалмайтынын айтты.

"Барлық қажетті тексеру іс-шаралары, оның ішінде оны таратуға қатысты шаралар заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

Сөзімнің соңында, құрметті БАҚ өкілдері! Ресми, шынайы ақпарат алу үшін Сіздер әрқашан министрліктің баспасөз қызметіне және жеке өзіме жүгіне аласыздар", - деп түйіндеді баспасөз хатшысы.

Цифрлық даму министрлігі "Зерде" холдингін таратуға қатысты мәлімдеме жасады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro