21 шілде 2022 18:15

Цифрлық даму министрлігі "Зерде" холдингін таратуға қатысты мәлімдеме жасады

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі "Зерде" холдингін таратуға қатысты ресми ұстанымын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі "Зерде" холдингін таратуға қатысты ресми ұстанымын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҰҰ-ның "электрон үкіметтің" даму деңгейі бойынша соңғы зерттеуіне сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2018 жылмен салыстырғанда Қазақстан өз позициясын 10 тармаққа жақсартып, БҰҰ рейтингінде 29-орынды иеленді. Бұл халықаралық ұйымдардың рейтингісінде де көрініс тапты.

"Қолжеткізілген нәтижелер мемлекет басшылығының саяси қолдауының арқасында мүмкін болды және IT-қоғамдастықтың, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, Astana Hub халықаралық технопаркі, "Зерде" холдингі, Цифрлық даму министрлігі мен  мемлекеттік органдар ұжымдарының ортақ еңбегі саналады. Нарықтағы неғұрлым тартымды жағдайларға қарамастан, Цифрлық ведомство жүйесінде жылдар бойы еңбек етіп, мемлекеттік және қоғамдық секторды цифрландыруға үлкен үлес қосып келе жатқан мыңдаған қатардағы IT-мамандарға жеке алғысымызды білдіреміз", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, корпоратив басқару құрылымында белгілі бір мәселелер, соның ішінде жүйелік сипаттағы проблемалар да жинақталған.

"Зерде холдингі объектив және субъектив себептерге байланысты Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласын дамытудың толыққанды институты ретінде қалыптаса алмады. Бүгінде "Зерде" холдингі дербес табыс әкелмейді және өз кезегінде мемлекеттен "электрон үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының функцияларын жүзеге асыруға тапсырыстар алатын "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның дивидендтері есебінен қаржыландырылады. Мұны аудиторлық есептер растайды", - ведомство баспасөз қызметкерлері.

Холдинг қызметі, бюджеттен бөлінетін қаражат көлемі және "ҰАТ" АҚ-ның қаржылық жағдайы, басқарушы холдингті және еншілес ұйымдардың жұмысын қамтамасыз етуге кететін қаражат көлемі тұрақты шығынға әкелетіні мәлім болды.

 "Бұның бәрі IT-қоғамдастық пен бақылау органдарының әділ сынына түсті. (...) Тұрақты сипатқа ие болған проблемаларға есеп комитеті соңғы тексерудің қорытындылары бойынша ерекше назар аударды. 2016-2021 жылдар кезеңінде Холдингтің жинақталған шығыны 7 миллиард теңге болды. Қазір "Зерде" Холдингінің құрылымында үш еншілес ұйым бар: Astana Hub технопаркі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" және "Qazinnovations" акционерлік қоғамдары", - деді министрлік өкілдері.

Еншілес ұйымдар өз қызметінің негізгі бағыттары бойынша тікелей Цифрлық даму министрлігімен және мемлекеттік органдармен өзара жұмыс істейді.

"Корпоративтік басқару холдингтік компанияда шоғырланған, ал негізгі бағыты бойынша еншілес ұйымдарға жетекшілік етуді уәкілетті орган тікелей жүзеге асыратын мұндай құрылым қажетсіз болып көрінеді. Сондықтан жаңа стратегиялық міндеттер мен ел басшылығының цифрландыру қарқынын жеделдету жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласын басқарудың сапалы жаңа тетігін құру қажеттілігі туындап отыр", - дейді министрлікте.

Бұл ретте алдағы трансформация корпоратив басқарудың холдинг құрылымын таратуға қатысты және "Зерде" холдингінің өндірістік персоналына әсер етпейтінін ерекше атап өтті.

Бұл тұрғыда "сервистік интегратор" функцияларын "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" РМК-ға беру мәселесін де қарау қажет, оның негізгі міндеттері мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау процестерін әдістемелік және ұйымдастырушылық сүйемелдеу және барлық ұлттық жобалар мен бағдарламалық құжаттардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру керек екені айтылды.

"Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" РМК-ға жұмысқа ауысқан "Зерде" холдингінің бұрынғы қызметкерлері тиесілі барлық төлемдерді толық көлемде алады. (...) Министрлік қызметкерлердің ең жоғары әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін және кейіннен олардың мамандығы мен біліктілігіне сәйкес жұмысқа орналасуын ескере отырып, олардың мүдделерін негізге алатын болады", - деді ведомство өкілдері.

Холдингті тарату кезінде қызметкерлер өздерінің алдағы еңбек қызметінің перспективаларына қатысты ойластырылған шешім қабылдаулары үшін бүкіл процесс ашық және айқын өтетіні белгілі болды.

20 шілдеде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің холдинг ұжымымен алғашқы кездесуі өтті, онда алдағы жоспарлар айтылып, алғашқы қадамдар талқыланды. Мұндай кездесулер холдингті тарату процесі барысында тұрақты түрде өтетінін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети