27 наурыз 2018 22:15

Мирзиёев Назарбаевқа Ауғанстандағы жағдай бойынша бастамалары үшін алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев. © REUTERS Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев. © REUTERS

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстандағы жағдай бойынша бастамалар көтергені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Ауғанстандағы жағдай бойынша бастамалар көтергені үшін алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың негізі елдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, білім беру деңгейін және басқа да адами стандарттарды жақсартуға бағытталған реформалар болуы тиіс деп санаймыз", - деді министр. Бұл туралы көрші елдің басшысы Өзбекстан Үкіметінің бастамасымен ұйымдастырылған Ташкенттегі "Бейбітшілік үдерісі, қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастық" атты жоғары деңгейдегі конференциясында мәлімдеді. 

Бұл конференцияда Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша халықаралық күш-жігерді қолдайтынын және мүдделі тараптарды бейбіт келіссөздерді тез арада бастауға шақыратынын мәлімдеді. 

"Конференцияның басты мақсаты Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеудің негізгі қағидаттарын үйлестіру, Ауғанстан үкіметі мен қарулы оппозиция арасындағы келіссөздерді бастау тетігін әзірлеу, сондай-ақ осы үдерісті қолдау үшін әлемдік қоғамдастықтың бірлескен әрекеттерін үйлестіру болды", - дейді ведомство өкілдері.

Қазақстан Сыртқы саясат ведомствосының басшысы бейбітшіліктің, қауіпсіздіктің, ынтымақтастықтың және дамудың өңірлік аймағының үлгісін Орталық Азияда қалыптастыру, соның ішінде Ауғанстанға экономикалық және әлеуметтік дамуда көпжақты көмек көрсету, бейбітшілік пен қауіпсіздікке төнген қауіпке қарсы тұру, сондай-ақ оның әлеуетін нығайту Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.

"19 қаңтарда қазақстандық делегация БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде "Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ретінде Ауғанстанда және Орталық Азияда өңірлік әріптестікті құру" тақырыбында министрлік пікірталастарын өткізді, оның қорытындылары бойынша біздің өңірімізде БҰҰ құрылымдары, агенттіктері қызметінің және бағдарламаларының тиімділігін арттыруға және үйлестіруге бағытталған Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының бәтуаластық мәлімдемесі қабылданды", - деп қосты министр.

Қазақстанның Еуропалық Одақ пен басқа да серіктестерінің бірлесіп қаржыландыру көмегімен Ауғанстан азаматтарына білім беру бағдарламасын жалғастыру туралы бастамасын ұсынғаны белгілі. 2010 жылдан бастап Қазақстан өзінің оқу орындарында жалпы құны шамамен 50 миллион долларды құрайтын ауған азаматтарына білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Осы бағдарламаның аясында 2010 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезең аралығында 1000-ға жуық ауған азаматтары Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында алуда.

"2018 жылдың күзінде Астанада Қазақстан "Ауғанстандағы әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру" туралы халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр (EmpoweringWomeninAfghanistan). Оның басты мақсаттарының бірі - Ауғанстанның бейбіт дамуындағы әйелдердің рөлі мен үлесін, ауған әйелдерінің құқықтары мен мүмкіндіктерін елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси салаларында олардың мемлекеттік және жеке секторларға қатысуын арттыру арқылы кеңейту мәселелерін талқылау, сондай-ақ осы елдегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты ұсыныстарды әзірлеу", - деді Қайрат Әдірахманов.

Қазақстан Ауғанстанға жыл сайын мыңдаған тонна гуманитарлық жүк, оның ішінде азық-түлік, жанар-жағармай материалдары және әртүрлі жабдықтар жеткізе отырып, екі жақты келісімдер мен көпжақты нысандағы келісімдердің аясында Ауғанстанға техникалық және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыратыны ерекше аталып өтті.

Ауғанстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ұжымдық көмек көрсетудің жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Президентінің төрағалық етуімен 15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия мемлекет басшыларының жұмыс бабындағы (консультациялық) кездесуінің сәтті нәтижелеріне жол береді.

Өзбекстанның астанасында өткен конференцияға Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан, Иран, Пәкістан, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Қатар, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Жапония, БҰҰ, Еуропалық Одақ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, НАТО және басқа елдердің сыртқы істер министрлері мен жоғары өкілдері қатысты.

Конференцияның қорытындысы бойынша Ташкент декларациясы қабылданды, онда Ауғанстандағы жағдайды саяси тұрғыдан реттеудің одан арғы қадамдары көрсетіліп, саяси реттеу үдерісіндегі ауған тарапының негізгі және үйлестіруші рөлі бекітілді.

Халықаралық конференцияның аясында Қайрат Әбдірахманов АҚШ пен Иран делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Томас Шэннонмен кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту жолдары талқыланды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың қаңтар айында АҚШ-қа жасаған ресми сапарының барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар Ауғанстанды тұрақтандыру және экономикалық тұрғыдан қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдауға дайын екендіктерін растады. Американдық тарап Қазақстанның Ауғанстанның бейбіт дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар, тараптар Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы аймақтық ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.


Суреттер ҚР СІМ баспасөз қызметінен

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчимен кездесу барысында Қазақстан-Иран ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды. Кездесудің басты тақырыбы халықаралық және өңірлік ұйымдардың, соның ішінде АӨСШК, ШЫҰ, сондай-ақ, Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі Астаналық үдерістің аясында өзара әрекеттесу болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети