20 желтоқсан 2023 15:28

МКК қолма-қол ақшаға көшеміз деп қорқытатын қазақстандықтарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды бақылауға байланысты қолма-қол ақшаға көшеміз деп қорқытып жүрген қазақстандықтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды бақылауға байланысты қолма-қол ақшаға көшеміз деп қорқытып жүрген қазақстандықтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер сұрағына Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов жауап берді.

"Ұялы аударымдарды тексеруге байланысты қолма-қол ақшаға көшеміз деп қорқытып жүрген қазақстандықтарға не айта аласыз?" – деген сауалды журналистердің бірі қойды.

"Олай әсірелеудің қажеті жоқ, бәріміз біздің қоғамда өмір сүріп жатырмыз, мен әйеліме ақша аудара аламын, ата-анама немесе достарыма ақша аудара аламын. Мұндай жеке мақсаттарда ол қаралмайды. Мысалы, адам үнемі бір төлем алады, бірақ мұндай төлемдер критерийлерге жатпайды. Бұл кәсіпкерлерге қатысты. Яғни, қызметтері үшін ақы алатын адамдар", - деп жауап берді ол.

МКК өкілі қазақстандықтардың кәсіпкерлік қызмет үшін және жеке басына бөлек картасы болуы қажет деп есептейді.

"Жеке картаға түсетін барлық ақшаға салық салынбайды, бұл сіздің жеке ақшаңыз. Бірақ адам кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде, ол ақшаны бизнес-картаға алуы керек, сәйкесінше салық төлеуі керек. Бұл жерде адамдардың салық төлемеуіне өзіміз үлес қосатынымыз әділетті емес. Кәсіпкерлердің арнайы салық режимі бар. Егер адам жеңілдетілген декларацияны қолданса - 3 пайыз, бөлшек салық - 4 пайыз. Кейбір аймақтарда тіпті бұл пайыз азаяды.

Мұндай кәсіпкерлер үшін олардың заңға бағынуы үшін жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, жалдамалы жұмысшылар ретінде жалақы алатын адамдар 10 пайыз төлейді. Бұл жерде адал салық төлеушілер үшін қорқатын ештеңе жоқ деп айту керек. Бірақ өз бизнес-картасына төлем қабылдауға кедергі келтіретін кәсіпкерлерге сұрақ туындайды", - деп түйіндеді Қуандықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети