Момышұлы, Молдағұлова және Мәметованың құрметіне орден мен медальдар тағайындауды ұсынды

19 Наурыз 2014, 17:20
0
Момышұлы, Молдағұлова және Мәметованың құрметіне орден мен медальдар тағайындауды ұсынды - tengrinews иллюстрациясы
tengrinews иллюстрациясы
Момышұлы, Молдағұлова және Мәметованың құрметіне орден мен медальдар тағайындауды ұсынды - Фото tengrinews.kz
Фото tengrinews.kz
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай мемлекеттік сыйлықтар әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерекесін өткізу шеңберінде мемлекеттік сыйлықтар әзірлеуіміз керек. Бұл ретте қазақ халқының батыр ұлдары мен қыздары - Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова т.б. құрметіне ордендер мен медальдар тағайындағанымыз жөн", - деді Мәжілістің пленарлық отырысында Қазақстанның Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған генерал Бақытжан Ертаев.

Оның айтуынша, сарбаздардан генералдарға дейін барлық әскерилердің моралдық рухын күшейту үшін тәрбиелік және патриоттық жұмыстарды жетілдіретін қосымша шаралар атқару қажет.

"Құрметті Серік Нығметұлы, мүдделі мемлекеттік органдарға осы мәселені пысықтауды тапсыруыңызды сұраймын", - деп қорытындылады сөзін депутат.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай