27 сәуір 2021 | 10:03

Монета бағасы қалай реттеледі? Ұлттық банк түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Ұлттық банкінің маманы алтын мен күмістен жасалған коллекциялық монеталардың бағасы қалай қойылатынын және бір монета неге екіншісіне қарағанда қымбат болуы мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ұлттық банкінің маманы алтын мен күмістен жасалған коллекциялық монеталардың бағасы қалай қойылатынын және бір монета неге екіншісіне қарағанда қымбат болуы мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚҰБ Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, монетаның бағасы екі құрамдас бөліктен тұрады:

  • бағалы металдардың құны монетаның бағасына әсер ететін негізгі құрамдас бөлік: орташа есеппен алтын монеталардың 85 пайызы, күміс монеталардың 52 пайызға дейінгі бағасы бағалы металдың бағасына байланысты қалыптасады;
  • монетаны дайындап, орауға кететін шығындар алтын монета бағасының 15 пайыз, күміс монета бағасының 48 пайызы болады.

"Монеталардың құны күн сайын Лондондағы бағалы металдар нарығы қауымдастығының таңғы фиксингіне (баға белгілеуіне) сәйкес ұлттық валютаның алдыңғы жұмыс күніндегі АҚШ долларының ресми бағамы бойынша теңгемен индекстелетінін атап өткім келеді. Міне, сондықтан да, коллекциялық монеталардың бағасы күн сайын өзгеріп тұрады: бірде қымбаттаса, бірде арзандайды", - дейді ол. 

Коллекциялық монеталарды шығарудағы мақсат - орталық банк еліміздің мәдени және тарихи мұрасын сақтап, оны дамытуға үлес қосып, маңызды жетістіктер мен айрықша оқиғаларға ғасырлық ғұмыр бере отырып ағартушылық мақсатты көздейтіні де хабарланды.

Еске салайық, "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "QAZAQSTANNYŃ ASTANASY – NUR-SULTAN" коллекциялық монеталары 2021 жылдың 28 сәуірінде сатылымға шығатын болды.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети