25 ақпан 2022 11:03

Монополияға қарсы департамент G-Park құрылыс компаниясының үстінен іс қозғады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/gpark.official Фото:facebook.com/gpark.official

Монополияға қарсы департамент G-Park құрылыс компаниясына ақпарат бермегені үшін әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сайтындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Монополияға қарсы департамент G-Park құрылыс компаниясына ақпарат бермегені үшін әкімшілік іс қозғады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің сайтындағы хабарламада айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент "GPARK" ЖШС-ға қатысты ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбағаны үшін әкімшілік іс қозғалды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша монополияға қарсы департамент Елордада бастапқы тұрғын үйді сату тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде, нарық субъектілерінің атына қажетті ақпаратты ұсыну туралы сұрау жіберген.

"Алайда, "GPARK" ЖШС ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбауына байланысты, кәсіпорынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік іс ашылды. "GPARK" ЖШС орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатынын ескере отырып, айыппұл сомасы 1,1 млн теңгені (360 АЕК) құрайды", - деп хабарлады ведомстводан.

"GPARK" ЖШС белгіленген мерзімде айыппұлды төлемегендіктен елордалық монополияға қарсы департамент әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды.

"Айыппұл төленбеген жағдайда іс сот орындаушысына мәжбүрлеп орындату үшін жіберілетін болады. Бұл ретте "GPARK" ЖШС монополияға қарсы департаменттің сұрау салуы бойынша ақпарат ұсынудан босатылмайды", - делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сайтында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети