Парламент Мәжілісі депутаты Ләззат Рамазанова бала құқықтары туралы заң жобасын талқылау жұмыстарына Мадияр Әлжаппаровтың қатысуы туралы айтты. "Хабар 24" телеарнасы эфирінде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Мәжілісі депутаты Ләззат Рамазанова бала құқықтары туралы заң жобасын талқылау жұмыстарына Мадияр Әлжаппаровтың қатысуы туралы айтты. "Хабар 24" телеарнасы эфирінде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әңгіме барысында жүргізуші Рахым Ошақбаев "БАҚ-та жарияланған ақпараттан кейін Мадияр Әлжаппаров жұмыс тобында қала ма?" деп сұрады. Ұлттық комиссия басшысы аталған факт бойынша шешім жасалатынын айтты.
"Менің Қазақстан азаматы ретіндегі жеке пікірім, кәмелетке толмаған жасөспірімді зорлағаны үшін жазаланған және сотталған адамдардың азаматтық қоғам мүддесін дәл осы мәселеде, осы заң жобаларында қорғауға моральдық құқығы жоқ. Бұл менің азаматтық ұстанымым", - деді Лаззат Рамазанова.
Оның айтуынша, Парламент Мәжілісі тиісті мемлекеттік органдарға сауал жолдады. Ол отбасы институтын нығайту мәселелері бойынша жаңа заң жобасын қарау аясында "Мәжіліс жұмыс топтарын құру мен олардың қызметін регламенттеу" ұсынылатынын айтты.
"Олардың құрамына тек әкімшілік және қылмыстық құқық, отбасылық қатынастар саласында мол тәжірибесі бар бейіндік үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар, заңгерлер мен сарапшылар, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеу тәжірибесі бар азаматтар кіруі қажет", - деп мәлімдеді ол.
Лаззат Рамазанова жаңа заң жобасымен жұмыс барысында тікелей эфирге шығуды және жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ашық айтуды жоспарлап отырғанын айтты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде "тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсты іс-қимыл туралы" және "Бала құқықтары туралы" заң жобасына қарсы белсенділердің бірі Мадияр Әлжаппаров кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін сотталды деген ақпарат тараған еді. Ол 2010 жылы осы қылмысы үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған.
Кейін Нұр-Сұлтан қалалық соты бұл деректі растады. Ал Әлжаппаров өзін бұл қылмысқа кінәлі еместігін айтты.
Айта кетейік, былтыр күзіде әлеуметтік желілерде Қазақстанда жаңа заңның қабылдануы туралы қауесет пайда болды. Құжатқа сәйкес, үшінші тұлға өтініші бойынша кез келген адамды 15 тәулікке қамауға алып, ал балаларды отбасынан алып кетуге болады. Бұл қауесет Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін пайда болды. Онда депутаттар "тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
2021 жылдың басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заң жобасы туралы айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, қазақстандық қоғамда резонанс тудырған құжатты құрғындар қайта қарап, барлық пікірді ескерген жөн екенін айтты.
Осыдан кейін Мәжіліс депутаттары "тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасын жетілдіруге қайтып алды. Жан-жақты талқылаудан кейін депутаттар заң жобасының жаңа моделін әзірлеуге үміттенеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!