Нұрсұлтан Назарбаев министрлер Арыстанбек Мұхамедиұлына, Тамара Дүйсеноваға және Астана әкімі Әсет Исекешевке мемлекеттік награда табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев министрлер Арыстанбек Мұхамедиұлына, Тамара Дүйсеноваға және Астана әкімі Әсет Исекешевке мемлекеттік награда табыстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақордада Мемлекет басшысы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеноваға, Астана әкімі Әсет Исекешевке наградаларды тапсырды. Марапатталғандардың ішінде Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековті, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты, балет әртісі Алтынай Асылмұратованы, скрипкашы Гауһар Мырзабекованы атап өтті.
"Парасат" орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер салаларындағы қайраткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Республиканың дамуына және рухани және зияткерлік әлеуетін көтеруге ерекше үлес қосқан азаматтарға немесе адам құқығын қорғау және әлеуметтік мүддесін қорғаудағы белсенді қызметімен айналысқан азаматтар марапатталады.