14 желтоқсан 2016 12:15

Мұхамедиұлын айыптаған қыз жанжалды жалғастырудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын "жыныстық бопсалады" деп айыптаған қыз даулы мәселені жалғастырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Facebook желісіне Sholpan Ali деген қолданушы жүктеді.


ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын "жыныстық бопсалады" деп айыптаған қыз даулы мәселені жалғастырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны Facebook желісіне Sholpan Ali деген қолданушы жүктеді.

Видеода Еңлік Сыдықова "Феникс" фильмінің режиссерлерінің өз сөздерін жоққа шығарып, өз кінәларын мойындағандықтан, бұл істі жалғастыруға қажеттілік жоқ деп есептейтінін айтады. "Мен енді пікір білдіріп, сұхбаттар бергім келмейді", - дейді ол видеода.

Осыдан кейін оның адвокаты Гүлнара Жуасбаева Сыдықованың видеосын қолдап, сөз сөйлейді. "Мен оны (Еңлік Сыдықованы) қолдаймын. Клиентімнің қалауы мен үшін заң. Егер ол қаламаса, министрдің тақырыбын талқылаудың қажеті жоқ. Режиссер өз кінәсін мойындағандықтан, мен қолдау білдіргендерден, бұл тақырыпты қозғауды қаламаған қарсыластардан бұл тақырыпты қайтадан талқыламауды сұраймын. Еңлік 24 жаста. Оның бар өмірі алда. Оның жеке, отбасылық өмірі жақсы болғанын қалаймын. Оған тек бақыт тілеймін. Ол маған мүддемді қорғаңыз деп келгенде бұл мәселемен бірінші кезекте ана ретінде, әйел ретінде қолға алған едім. Ана әрі әйел ретінде осы тақырыптың екі ай бойы Интернетте шу шығарғаны үшін кешірім сұраймын. Енді осы тақырыпты талқылауды қоюға уақыт келді (...)", - дейді адвокат видеода.

Еске салайық, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықова министрді бөтен оймен тиісті деп айыптаған болатын. Видеода қыз 2011 жылы Мұхамедиұлы ректор болғанда академияға ақшаға түсіріп беретінін айтты және екіұшты ұсыныстар айтты деп мәлімдейді. Сөйтіп, қыз "Феникс" фильмінің режиссеріне қолдау білдіретінін айтады. Ал Мұхамедиұлы өз кезегінде бұл мәлімдеменің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген. Осыдан кейін БАҚ-тарда тағы бір қыздың министрі "тиісті" деп айыптағаны жайлы хабар тарады. Ал кейін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ар-намысы мен абыройын сотта қорғайтын болатыны хабарланды.

Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Феникс" көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтап, фильмнің продюсері, белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловты ұстады. Кейін ол өз кінәсін толықтай мойындап, жымқырылды делінген 79 миллион теңгенің 6 миллионын қайтарғаны белгілі болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети