1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Мұхтар Тілеуберді екі қызметті қатар атқаратын болды 18 қаңтар 2021, 17:56

Мұхтар Тілеуберді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
Мұхтар Тілеуберді. Фото: gov.kz Мұхтар Тілеуберді. Фото: gov.kz

Мұхтар Тілеуберді - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы" жарлығында айтылған. 

Мұхтар Тілеуберді бұған дейін сыртқы істер министрі болған. Енді ол екі қызметті қатар атқаратын болды. 

Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті

Мұхтар Тілеуберді 1968 жылы 30 маусымда Түркістан облысы, Ақсукент ауылында туған.

1990-1993 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеді.

1993–1996 жылдары атташе, Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы;

1996–1999 жылдары Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы;

1999–2000 жылдары Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім басшысы;

2000–2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі;

2001–2003 жылдары Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі елшілігінің кеңесшісі;

2004 жылдың тамызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Малайзиядағы елшісі лауазымын атқарған;

2005 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның Индонезия, Бруней-Даруссаламдағы және Филиппин Республикасындағы елшісі;

2009 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың наурызына дейін - Қазақстанның Швейцариядағы елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн княздігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2015 жылы Қазақстанның Иерусалимдік Әулие Иоанн Егеменді Әскери Госпитальерлер Ордені жанындағы, Родостағы және Мальтадағы қоса атқарушы Елшісі болып аккредиттелді.

2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!