“Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ“. Каспийде итбалықтардың қырылуына қатысты ықтимал себеп аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ“. Каспийде итбалықтардың қырылуына қатысты ықтимал себеп аталды Фото: instagram.com/fishcommitteekz

Үкіметте Каспий теңізі жағалауында итбалық пен аққудың жаппай қырылуына қатысты жағдай түсіндірілді. Оқиға бойынша зертханалық зерттеулер мен алынған сынамаларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Үкіметте Каспий теңізі жағалауында итбалық пен аққудың жаппай қырылуына қатысты жағдай түсіндірілді. Оқиға бойынша зертханалық зерттеулер мен алынған сынамаларды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сәуірде Каспий теңізі жағалауынан 100-ге жуық өлі итбалық пен ондаған аққу табылды. Журналистер Ауыл шаруашылығы және Экология министрліктерінің өкілдерінен оқиғаның себебін анықтау мүмкін болды ма деп сұрады.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің сөзінше, мұндай жағдайлар бірінші рет тіркеліп отырған жоқ және бұл табиғи құбылыстармен байланысты болуы мүмкін.

"Мұндай жағдайлар бірінші рет болып тұрған жоқ. Бұл табиғи құбылыстармен байланысты, оның ішінде жер сілкінісі кезінде табиғи газ шығатын кездер болады. Бірақ, әдеттегідей, біз бұл өлекселерді шіріген күйінде табамыз, өйткені толқындар оларды жағаға шығарып тастайды. Біз тиісті сынамалар алып, зерттейміз, бірақ қанша рет жасасақ та, ешқандай ауру таппадық", - деп жауап берді Аманғали Бердалин.

Ол соңғы жағдай бойынша мамандар тиісті сынамалар алғанын, зертханада қажетті зерттеулер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев судағы ластаушы заттардың рұқсат етілген нормадан асуы анықталмағанын хабарлады.

"Алынған су сынамаларында шекті рұқсат етілген концентрацияның асуы байқалмады", - деді Шәрбиев.

Биыл сәуірде Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий жағалауына 100-ге жуық өлі итбалық шығып қалды. Гидробиология және экология институты мәліметінше, итбалықтар осыдан бір айдан аса уақыт бұрын қырылған. Алайда жануарлардың денелері батыстан соққан қатты желдің салдарынан жағаға бірден шықпаған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.58   543.08   6.21 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер