17 наурыз 2022 17:03

"Мұндайды бұрын-соңды көрген емеспіз": Ақтауда наурызда қар түсті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Ақтау тұрғындарын өңірдегі ауа райының күрт өзгеруі таңғалдырды. Бүгін, 17 наурызда облыстың кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауды. Маңғыстаулықтар үшін бұл құбылыс сирек, қайталанбас құбылыс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтау тұрғындарын өңірдегі ауа райының күрт өзгеруі таңғалдырды. Бүгін, 17 наурызда облыстың кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауды. Маңғыстаулықтар үшін бұл құбылыс сирек, қайталанбас құбылыс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтау тұрғындары мұндай ауа райы бұрын-соңды болмағанын айтады. Дегенмен, бұл құбылысты қар аралас жаңбыр деп атау қиын, себебі қар жерге тимей еріп, жарты сағатта күн ашылып кеткен.

"Әдетте наурыздың ортасында күн жылынып, көктемгі киіммен жүреміз. Бұл жолы қыс ұзаққа созылды. Түнде, күндіз суық. Наурызда қар жауу деген артық енді. Бізде мұндай ауа райы ешқашан болған емес. Мұндайды бірініші рет көруім", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Анастасия Гончарова.

Маңғыстау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК бұл жауын-шашынның олар үшін тосын сый болмағанын хабарлады. Бұл арада олар аймақтағы климаттың шынымен де, біршама өзгергенін жоққа шығармайды.

"16 және 17 наурызда Маңғыстау облысының аумағы фронтальды учаскелерімен өтетін солтүстік-батыс циклонының ықпалында, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы жағдайы байқалады. Өңірде жауын-шашын және қар аралас жаңбыр болды. Соңғы рет 2018 жылы, екінші наурызда Ақтау гидрометеорологиялық станциясында жауын-шашын болды. Олардың саны 5,8 миллиметрді құрады",-деді "Қазгидромет" РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Динара Илясова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети