Мұны ұмытпаймыз - Ердоған Астанада ерекше қарсы алғаны туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұны ұмытпаймыз - Ердоған Астанада ерекше қарсы алғаны туралы Ақорданың баспасөз қызметі

14 мамырда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған шағын құрамда келіссөздер өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


14 мамырда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған шағын құрамда келіссөздер өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Түркия басшысын жылы қарсы алды. Тоқаев Ердоғанның бұл сапарының мәні ерекше және тарихи оқиға екенін атап өтті.


Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған бауырлас қазақ елінің көрсеткен құрметіне алғыс айтты.

"Ең әуелі, бауырымыздың атажұртқа арнайы шақырғанына ризашылығымды білдіргім келеді. Бізге айрықша қонақжайлық танытып отырсыздар. Қазақ елінің шекарасынан өткеннен қапталдаса ұшқан ұшақтармен қарсы алып, менің делегацияма үлкен құрмет көрсеттіңіздер. Бұл бізді ерекше қуантты. Әрине, мұны ұмытпаймыз. Бүгінгі сапар бауырлас халықтардың ынтымағын арттыруға зор септігін тигізеді деп сенемін", – деді Түркия Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Түркияға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды ризашылықпен еске алды.

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды.

Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты.

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев Ердоғанды Тәуелсіздік сарайында қарсы алды: видео

15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланбақ.

Еске салайық, 13 мамырда Түркия көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға жұбайы Эмине Ердоғанмен бірге келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 474.04   549.92   6.39 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер