Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мұрат Оспанов ісінің жай-жапсары белгілі болды

11 Қараша 2014, 17:02
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Бүгін Астанада Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысын аса ірі көлемде пара алуға айыптау бойынша негізгі сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурор Сандуғаш Рыспаева тағылған айыптың мазмұнын баяндап берді. Сотталушылар - 47 жастағы Мұрат Оспанов пен Алматының 45 жастағы тұрғыны Арман Ақтай. Прокурордың айтуынша, Ақтай "Атырау-Жарық" АҚ мүддесін қорғап, антимонополия ведомствосына Атырауда электр энергиясы тарифтерін арттыру жөнінде бірнеше рет өтініш білдірген. 

"Атырау-Жарық" АҚ акционерлері құрамына кіргісі келген Ақтай кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің тұрақтылығына мүдделі болған. Астанада мұның тарифтерді өсіруге мүдделі екенін білетін Оспановпен кездесіп, әңгімелесуі барысында пара алуға бағытталған қылмыстық ниет туындаған", - деді прокурор, оның айтуынша, Оспанов өзінің сөзімен және іс-әрекетімен Ақтайға тарифтерді көтеру, не көтермеу мәселесін кім шешетінін ұқтырған.

"Тарифті киловатт/сағатына 4,22 теңге деңгейінен 4,76 теңгеге дейін көтеру үшін Оспанов өзіне 300 мың доллар көлемінде пара беруді талап еткен. Ақтай кәсіпорынның мүддесі үшін Оспановтың талабымен келісіп, оған тарифті көтеру үшін 300 мың доллар көлемінде пара беріп жіберуге уәде етті", - дейді прокурор. Бұдан кейін Оспанов Ақтайға ТМРА Атырау облысы бойынша департаментіне "Атырау-Жарық" АҚ өтінішін қабылдау туралы өкім ететінін хабарлайды. 

"2014 жылдың 5 маусымы күні тарифті көтеру туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін Оспанов Ақтайдан параның 100 мың доллар сомасындағы алғашқы бөлігін алады. Шартты параның алғашқы бөлігін алғаннан кейін Оспанов сонымен тоқтап қалмай, параның екінші бөлігін беріп жіберуді күтеді. 2014 жылдың 14 маусымы күні Ақтай Астанаға келіп, өзімен бірге 200 мың доллар алып келеді. Сөйтіп, Оспанов ҚР ҚК 311-бабының 5-бөлігінде қарастырылған қылмыстық істі жасайды - лауазымды тұлғаның аса ірі көлемде пара алуы. Арман Ақтай ҚР ҚК 312-бабының 5-бөлігінде қарастырылған лауазымды тұлғаға аса ірі көлемде пара беру қылмысын жасады", - деді Рыспаева.

Мұрат Оспанов пен Арман Ақтай сотта кінәларын мойындамайтынын мәлімдеді. Айта кетейік, сотталушылардың әрқайсысын екі адвокаттан қорғап жатыр. ТМРА-ның бұрынғы басшысында қоғамдық қорғаушы да бар - туған әпкесі. Алдын ала сот тыңдауы барысында Мұрат Оспановтың адвокаттары оған қатысты бұлтартпау шарасын тұтқындаудан кепілмен босатуға немесе үй қамауына алуға өзгертуге өтініш білдіретінін айтты. Сотталушының аса ірі қылмысты жасауға айыпталып отырғанын және мұның сот отырысында істің объективті қаралуына кедергі келтіруі мүмкін екенін айтқан судья өтінішті қабылдамай тастады. Айта кету керек, Арман Ақтай ешқайда кетпеуі туралы қолхатпен босатылған. 

Сот процесі ашық жағдайда өтіп жатыр, бірақ бүгін істі қараушы судья Ербол Рахымбеков БАҚ өкілдеріне сотталушыларды фотоға және видеоға түсірмеу керектігін ескертті. Сот үкімі шығарылғанға дейін куәгерлердің жауаптарын жария етуге тыйым салынды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай