Мұрат Оспановтың ісін Өмірияевке үкім шығарған судья қарайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Оспановтың ісін Өмірияевке үкім шығарған судья қарайды ©Тengrinews.kz

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы басшысы Мұрат Оспановтың ісін Мүсілім Өмірияевке үкім шығарған судья Ербол Рахымбеков қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты пара алды деп айыпталған Оспановқа қатысты негізгі сот отырысы басталғанын хабарлады.

Сот тыңдауы 11 қарашаға белгіленген. Істі Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков қарайды. Бұған дейін ол Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүсілім Өмірияевке қатысты істі қараған болатын. Судья сонымен бірге 18 жастағы еркекшораның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарған еді.

Еске сала кетейік, 2014 жылдың 2 шілдесі күні қаржы полициясы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановты 200 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұстағанын хабарлаған болатын. Кейін Оспанов алған пара көлемі нақтыланды - ол табиғи монополиялар субъектісіне қорған болу үшін 300 мың доллар алған. Күдіктінің адвокаты Мұрат Оспанов бұл қаржыны ұлының тойын өткізу үшін досынан алды деп отыр. 3 шілде күні Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты агенттік төрағасын тұтқындауға санкция берді. 

Айта кетейік, тергеу барысында Мұрат Оспановтың қашып кетуге тырысқаны хабарланды. Оның әпкесі, әрі қоғамдық қорғаушысы тергеушілердің Оспановқа қинау әдістерін қолданғанын айтып, Бас прокурорға шағымданды. Бірақ оның дәйектері расталмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети