13 қазан 2023 12:56

Мусин Қазнетке жасалып жатқан DDoS-шабуылдары туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

pressfoto/Freepik pressfoto/Freepik

Қазнетке жаслған DDoS-шабуылдары және Қазақстан Интернетке сыртан араласу оқиғаларынан қалай қорғанып жатыр? Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазнетке жаслған DDoS-шабуылдары және Қазақстан Интернетке сыртан араласу оқиғаларынан қалай қорғанып жатыр? Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, интернеттің қазақстандық сегментінде минут сайын мыңдаған шабуыл болады.

"Мен ақпараттық қауіпсіздікті де, мемлекеттік саясатты да қадағалайтындықтан, реттеуші орган ретінде әкімшілік жаза қолдануға құқылымыз. Біз не болып жатқанын білеміз. Интернеттің қазақстандық сегментіне минут сайын мыңдаған шабуыл жасалып жатыр. Бұл қалыпты құбылыс. Ағын көп болған кезде, әрине, төтенше жағдайлар болады", - деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, ақпараттық қауіпсіздік орталығы күн сайын қазақстандық сегментке бағытталған мыңдаған, миллиондаған DDoS-шабуылдарына тойтарыс беруге қабілетті.

"Біз төтеп бере аламыз. Бұл БҰҰ-ның киберқауіпсіздік рейтингінде 31-орынға көтерілуімізбен дәлелденді. Біз құрылғыларымыз бен жабдықтарымызды жетілдіруді жалғастырамыз", - деп түйіндеді Мусин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети