28 желтоқсан 2020 11:29

Мың қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынағының ІІІ деңгейі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 


Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасының клиникалық сынағының ІІІ деңгейі өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

26 желтоқсанда өңір әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қалалық көпсалалы ауруханасына барып, дәрігерлермен вакцинациялау барысын талқылады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің сөзінше, еріктілерге вакцинация жүргізіліп жатыр. Еріктілердің денсаулығында кінәрат болмауы керек, аурудың ауыр түрлері және аллергиялық реакциялар болмауы қажет.

"Он күн ішінде мың жамбылдыққа вакцина салынады. Еріктілермен келіссөз жүргізіледі. Екпе салынғаннан кейін антидене мен иммунитет қалыптасуы тексеріледі. Бірінші және екінші кезеңге 244 қазақстандық қатысты. Бәрі сәтті аяқталды. Кері әсер мен асқыну белгілері жоқ", - дейді ол. 

Облыстық баспасөз қызметінің мәліметінше, Бердібек Сапарбаев вакцина салдыруға келіскен еріктілермен кездесті. Олар өздерін жақсы сезінетінін және жақындарын да вакцина салдыруға әкелетінін айтқан. 

"Вакцинация халықты түрлі аурудан қорғауда қолданатын ең жақсы әдістердің бірі. Отандық вакцина коронавирус тарауын тоқтатады", - деді Сапарбаев.  

Өңір әкімі медицина қызметкерлерімен сөйлесіп, вакцинация пандемияны жеңуде маңызды қадамдарбың бірі екенін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети