18 ақпан 2020 16:48

Мысырда қайта жөндеуден өткен Сұлтан Бейбарыс мешітінің суреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеу жұмыстары шілдеде аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеу жұмыстары шілдеде аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мешітті жөндеу жұмыстары 2018 жылдың қазанында басталған еді.

Кейінірек Қазақстанның Мысырдағы елшісі Арман Исағалиев Мысырдың Көне ескерткіштер мен туризм істері бойынша министр Халед әл-Аннанимен кездесті. Екі тарап кездесу барысында туризм саласын талқылаған болатын.

Дипломат соңғы жылдары Қазақстаннан Шарм аль-Шейх пен Хургадаға тікелей чартерлік рейстер ашылуының арқасында Мысыр курорттарына келетін қазақстандық туристердің саны едәуір артқанын айтты.

Арман Исағалиев Мысыр үкіметіне және Мысырдың ежелгі ескерткіштер мен туризм істері министрлігіне Каир қаласында Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта жөндеп жатқаны үшін алғыс білдірді. Arab Contractors құрылыс компаниясындағылардың айтуынша, мешітті жөндеу жұмыстары биыл шілдеде аяқталады.

© Қазақстанның Мысырдағы елшілігі

 


© Қазақстан СІМ, 2019 жыл

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети