01 наурыз 2022 12:33

Нақты Үкімет мүшелері мен әкімдерге сенім мәселесін көтеру керек - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты Үкімет мүшелері мен әкімдерге сенім мәселесін көтеру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты Үкімет мүшелері мен әкімдерге сенім мәселесін көтеру керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының сөзінше, фракцияның Мәжіліс пен мәслихаттағы қызметін жандандыру керек. 

"Партия жанында көптеген кеңес пен комиссия бар. Олар бірдей мәселелерді талқылайды, бірақ нақты шешімдер сирек қабылданады. Сондықтан депутаттық фракциялар диалог алаңдарын ұйымдастыруды өз мойнына алып, жұмыс қорытындысы бойынша көзге көрінетін нәтижелерге қол жеткізуі тиіс. Қоғамдық пікірталастардың бағытын әлеуметтік желілер мен қала алаңдарынан Парламент пен мәслихаттардың қабырғаларына ауыстырған жөн. Бұл өте маңызды міндет. Фракциялар депутаттық сауалдардың құралын ғана емес, парламенттік және қоғамдық тыңдаулардың мүмкіндіктерін де пайдалануы тиіс. Қоғамдық пікірталас болуы керек. Қажет болса нақты Үкімет мүшелері мен әкімдерге сенім мәселесін көтеру керек", - деді Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде (Amanat деп өзгертілді).

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі партия депутатының рейтингі, ең алдымен, "дайындалған есептерге емес, нақты істерге", азаматтардың проблемаларын шешуге негізделуі тиіс екенін атап өтті.

"Барлық сайлау округіне фракция депутаттарының арасынан кураторларды бекіту қажет. Олардың жауапкершілік аясын кеңейту үшін. Жақында біздің Мәжіліс депутаттары өңірлерге сапардан оралды. Мен бұл жұмысты бақылап отырдым, олардың жұмысында жаңа стиль мазмұны пайда бола бастады. Бұл қазірдің өзінде байқалады. Ресми отырыстар аз болды, сайлаушылармен тікелей байланыс көп болды. Депутаттар жергілікті жерлердегі азаматтардың нақты проблемаларын көре бастады. Мұндай тәсілді барынша нығайту және дамыту қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети