NASA Мақтааралдағы су тасқынына дейінгі және кейінгі жағдайды көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

NASA Мақтааралдағы су тасқынына дейінгі және кейінгі жағдайды көрсетті Фото: NASA

Ғарышты зерттеу бойынша америкалық NASA ұлттық агенттігі Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданы мен Өзбекстан аумағының спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. Онда Сардоба су қоймасы жарылғанға дейінгі және кейінгі жағдай көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттікке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғарышты зерттеу бойынша америкалық NASA ұлттық агенттігі Қазақстанның Түркістан облысы Мақтаарал ауданы мен Өзбекстан аумағының спутниктен түсірілген суреттерін жариялады. Онда Сардоба су қоймасы жарылғанға дейінгі және кейінгі жағдай көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттікке сілтеме жасап.

Фотосуреттер 22 сәуір мен 8 мамырда Landsat 8 спутнигінің көмегімен түсірілген. 

22 сәуірдегі сурет

8 мамырда түсірілген суреттерден судың қай жерге дейін барғанын және су қоймасының қазіргі жағдайын көруге болады. 

Келесі суретте жартылай бос су қоймасы көрсетілген. Қоймадан аққан су спутник суретке түсіріп жатқан кездерде тоқтаған. Бірақ судың қай бағытқа аққанын көруге болады. 

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысының басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарға байланысты баяндама жасап, Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектесетінін айтқан болатын.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаман өңірдегі су басқан ауылдарға көмек ретінде ашылған қорға қанша ақша түскені әлі белгісіз екенін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети