21 мамыр 2020 12:26

Мақтааралдағы ТЖ: ауылдардағы су тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:facebook.com/saken.kalkamanov Фото:facebook.com/saken.kalkamanov

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақсы жаңалығымды бөлісуге асығып отырмын! Мақтаарал ауданында су басқан елді мекендердегі су тартылды. Әкімдіктің, ТЖК, әскери қызметкерлердің және Өзбекстанның ТЖМ өкілдерінің көмегімен қысқа мерзімде суды арнасына жіберу мүмкін болды", - деп жазды Қалқаманов.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети