12 маусым 2018 | 14:09

Науқастардың жағдайын жеке бақылап жатырмын - Біртанов менингит жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 маусымдағы жағдай бойынша тағы екі адам менингококк инфекциясын жұқтырды. Олардың бірі - бала, ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

11 маусымдағы жағдай бойынша тағы екі адам менингококк инфекциясын жұқтырды. Олардың бірі - бала, ауыр жағдайда жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менингит бойынша жағдай тұрақты. Кеше менингит жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды. Науқастардың жағдайын өзім жеке бақылап жатырмын. Өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше Алматыда ауыр жағдай бала келіп түсті, бірақ қазір жағдайы тұрақты, диагнозы әлі расталмады", - деді Біртанов.

Министрдің айтуынша, еліміз бойынша 60 адамда менингит диагнозы расталды. Жаңа жағдайлар тіркелген жоқ. Сондай-ақ, қазіргі уақытта 11 адамның расталған диагнозбен ауруханада жатқаны айтылады.

Еске сала кетейік, осыған дейін министрлік өкілдері жағдайдың бақылауында тұрғанын айтқан еді.

Менингококк инфекциясы - бактериялар тудыратын, симптомсыз тасымалдаушылық, назофарингиттан (мұрын және жұтқыншақтың сілемейлі қабығының қабынуы) бастап менингит (ми қабығының қабынуы), менингококк сепсисіне (қанның зақымдануы) дейін әртүрлі клиникалық белгілермен өтетін - жіті инфекциялық ауру екендігін есте сақтау қажет. Инфекция көзі ауру адамдар және "дені сау тасымалдаушылар" болып табылады, яғни қандай да бір клиникалық белілері жоқ, бірақ олар менингококк көзі болып табылатын адамдар. Менингококк инфекциясымен сырқаттанушылық кезеңділігімен сипатталады - қыста және ерте көктемде сырқаттанушылық өте жоғары.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети