24 наурыз 2023 12:39

Наурыз жайлы ерекше сурет жариялап, Дубайға жолдама ұтып алыңыз

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көктемнің шуақты Наурыз мейрамын Massaget.kz сайтымен бірге қарсы алыңыз. Әз Наурыз - түркі халықтары асыға күтетін айрықша мереке, ал биыл біз тағы ерекшелік сыйлағымыз келеді. Massaget.kz сайты "NauryzPhoto" тақырыбында фото-конкурс жариялайды. Жеңімпаз Дубайда екі адамға арналған демалыс жолдамасын иеленеді.


Көктемнің шуақты Наурыз мейрамын Massaget.kz сайтымен бірге қарсы алыңыз. Әз Наурыз - түркі халықтары асыға күтетін айрықша мереке, ал биыл біз тағы ерекшелік сыйлағымыз келеді. Massaget.kz сайты "NauryzPhoto" тақырыбында фото-конкурс жариялайды. Жеңімпаз Дубайда екі адамға арналған демалыс жолдамасын иеленеді.

Конкурсқа қатысу үшін Instagram желісіндегі парақшаңызға Наурыз мейрамы тақырыбында (мейрамды сезіндіретін) түпнұсқа фото жүктейсіз, ал фотода Массагет логотипі міндетті түрде болуы керек. Логотипті фото өңдейтін қосымшалар немесе графикалық редакторлар арқылы қоюға болмайды. Лого креатив ой негізінде фотоға көрік беруі керек. Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады.

Ең үздік креатив фото иесі бас жүлдеге ие болады (Екі адамға арналған Дубайда демалу жолдамасы, 7 күн, 2023 жылғы мамырда).

Бірінші кезең - 21-31 наурыз аралығы (конкурсқа жұмыстарды қабылдау)

• Наурыз мейрамы тақырыбындағы креатив фотоңызды Instagram парақшаңызға #nauryzmassaget хэштегімен жүктеңіз. 2023 жылғы 21 наурыздан (08:00, Астана уақытымен) 31 наурызға дейін (23:59) аралықтағы фотолар қабылданады.

• Фотода Massaget.kz сайтының логотипі міндетті түрде болуы керек. Фото өңдейтін қосымшалар немесе графикалық редакторлар арқылы қойылған логосы бар фотолар қабылданбайды.

• Постқа үш досыңызды белгілеуіңіз керек және олардың аккаунты конкурс кезінде ашық болуы

Екінші кезең - 3-7 сәуір аралығы (іріктеу)

Сарапшылар тобы талаптар мен фотолардың ерекшелігін ескере отырып, 30 үздік қатысушыны анықтайды. Осы арқылы сайтта онлайн дауыс беру кезеңіне өтеді.

Үшінші кезең - 10-14 сәуір аралығы (дауыс беру)

• 5 күн ішінде, 10 сәуір 8:00-ден 14 сәуір 23:59-ға дейін Massaget.kz сайтында онлайн дауыс беру өтеді.

• Massaget.kz сайтын қолданушы бір күн ішінде бір адамға ғана дауыс бере алады.

• Дауыс беру 14 сәуір күні 23:59-да аяқталады.

Төртінші кезең - 2023 жылдың 17 сәуірі (Жеңімпазды анықтау және басты сыйлықты табыстау)

• Massaget.kz сайтында ең көп дауысқа ие болған қатысушы жеңімпаз атанады және 2023 жылғы 17 сәуірде қорытындысы белгілі болады.

• Massaget.kz сайты редакциясы конкурсқа түскен жұмыстардың үздіктерін Instagram желісіндегі @massaget.kz ресми парақшасында жариялау құқығына ие.

• Жеңімпаздан аз ғана ұпаймен қалып қойған екі қатысушыға Massaget.kz сайты өз таңдауымен қосымша сыйлық тағайындайды.

• Жеңімпаз Дубайға аттанатын қалаға (Алматыдан ұшады) өз қаражатымен келеді.

• Басты сыйлық пен қосымша сыйды ақшалай алуға болмайды және үшінші адамға беру жолы қарастырылмаған.

ТАЛАПТАР:

• Конкурсқа қатысушының барлығы Instagram желісіндегі @massaget.kz сайтының ресми парақшасына міндетті түрде жазылуы керек.

• Постты өзіңіздің Stories-те де бөлісуіңіз керек.

• Массагет сайты редакциясы конкурсқа қатысушылар фотосын тақырып пен талаптарға сай келмесе, сапасы сын көтермейтін болса, сондай-ақ, бейәдеп лексика мен ұлтаралық араздықты тудыратын, өзге тұлғаның ар-намысына тиетін болса, қатыстырмауға құқылы.

• Конкурсқа кәмелетке толған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.

• Конкурсқа ұсынылатын фотолар бірегей және қатысушының өзі де болуы керек.

• Өзге дереккөздерден фото және дәйексөздерді көшіріп алу Қазақстан Республикасының авторлық құқық Заңы бойынша тыйым салынады.

• Шарттарға сәйкес келмейтін фотосуреттер фотобайқаудан және/немесе авторлық құқықты немесе осы талаптардың шарттарын бұзғаны үшін конкурстан шеттетіледі.

• Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың құқықтарын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды, сондай-ақ басқа үшінші тұлғалардың бейнелеріне құқықтарды қорғау саласындағы кез келген заңбұзушылықтар үшін дербес жауапты болады.

• Фотоконкурсты ұйымдастырушының қызметкерлері, сондай-ақ олардың туыстары байқауға қатысуға жіберілмейді.

• Байқауға қатысушылар конкурсқа жіберген жұмыстарын Massaget.kz сайты Қазақстан Республикасының авторлық құқық заңнамасына сәйкес алдағы уақытта өз мақсатына шексіз қолдана беруіне рұқсатын береді.

• Фотобайқауға қатысу дерегі қатысушының осы талаптармен таныс екенін және көрсетілген барлық шартпен толық келісетінін білдіреді.

Сыйлықтар ақшалай берілмейді.

Логотипті мына сілтемеге өтіп, жүктеп алыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.04   490.7   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети