Наурыз мейрамы АҚШ-та тойланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©calend.ru ©calend.ru

Вашингтонда Наурыз мерекесіне арналған гала-кеш өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше, қаланың ең әдемі залдарының бірінде бесінші рет өткізіліп отырған шара Америка элитасының зайырлы қабылдауларының астаналық күнтізбесінен нық орын тапқан. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Вашингтонда Наурыз мерекесіне арналған гала-кеш өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше, қаланың ең әдемі залдарының бірінде бесінші рет өткізіліп отырған шара Америка элитасының зайырлы қабылдауларының астаналық күнтізбесінен нық орын тапқан. 

Гала-кешті америкалық демеушілер мен Қазақстан елшілігінің бастамасымен құрылған "Наурыз" комиссиясы бейкоммерциялық-қайырымдылық ұйымы өткізді. Кешке Ақ үй, АҚШ Мемлекеттік департаменті, Конгресс, дипломатиялық корпус, іскерлік ұйымдар өкілдерінен тұратын барлығы 500-ден астам адам келді. 

Шара меймандарының назарына Жібек жолы аймағынан келген музыканттардың дәстүрлі концерті мен Еуразия және Таяу Шығыс елдерінің этникалық бұрыштары ұсынылды. Қазақстан бұрышына бауырсақ пен дәстүрлі тәттілер, ел туралы кітаптар мен материалдар қойылды. "Наурыз" комиссиясының құрметті теңқұрушысы ретінде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов шара қонақтарына бейнеқұттықтауын арнады, мейрамның философиясын түсіндіре отырып, АҚШ жұртшылығын қонақжайлығымен танымал біздің аймаққа келуге шақырды.

"Шараға қатысушылар Қазақстанда, Ауғанстанда, Әзірбайжанда, Грузияда, Иракта, Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда, Түркияда, Түрікменстанда және Украинада Наурыздың қалай мерекеленетіндігі туралы бейнематериалды тамашалап, бұл мейрамды бірлесе тойлаудың Америкада дәріптеуге септігін тигізіп қана қоймай, Еуразия мен Таяу Шығыс халықтарының өзара достығын нығайтуға да оң әсер ететіндігін тілге тиек етті", - делінген хабарламада. Шара барысында "Наурыз" комиссиясының төрағасы Каземиниге ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің сыйы салтанатты түрде табыс етілді. 

"Наурыз" комиссиясы 2010 жылы Қазақстанның АҚШ-тағы бұрынғы елшісі, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың, қоғам қайраткері Бижан Қиянның және әйгілі филантроп Насер Каземинидің бастамасымен көктем мейрамын Америкада дәріптеу мақсатында құрылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer