18 тамыз 2022 11:57

Наурызбай ауданында ауызсу мәселесі қалай шешіледі? Алматы әкімі жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданын ауыз сумен қамту мәселесі қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданын ауыз сумен қамту мәселесі қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде "Қарғалы" бастоғаны құрылысы 80 пайызға аяқталғанын айтты. Құрылыс Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында жұмыс істеуге рұқсат алу үшін тоқтатылған. Нысан 2023 жылдың үшінші тоқсанында аяқталуы тиіс.

"Ақсай" бастоғаны бойынша, қаржы бөлініп, мердігер компания анықталған. Құрылыс 2025 жылға дейін аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, әкім бес шағынауданда ұзындығы 195 шақырымды құрайтын су құбыры және кәріз желілері салынғанын атап өтті. "Ақжар", "Таусамалы", "Шұғыл" үш шағынауданында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, жоспарланған 30 шақырымдық су құбыры мен кәріз желілерінің 19 шақырымы салынған. Қалған 11 шақырымы 2023 жылдың маусымына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, үш шағынаудан бойынша ұзындығы 135 шақырым су құбыры мен 132 шақырым кәріз желісін құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

"Ақжар" және "Қарағайлы" шағынаудандарында жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманы алу мерзімі - биылғы желтоқсан, құрылыс 2023 жылға дейін басталуы тиіс, ал "Тастыбұлақ" бойынша мемлекеттік сараптаманы алу мерзімі - 2023 жылдың наурызы.

"Ақжар" шағынауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін жазғы уақытта "Ақсай" сүзгі станциясының құрылысы кезінде Алматы жер асты су қорларынан су беру үшін сорғы станциялары бар магистраль су құбырын салу туралы шешім қабылдадым", - деді әкім.

Алматының батыс бөлігін қамтамасыз ету үшін "Виват" ЖШС желтоқсанға дейін ұзындығы 34 шақырым болатын батыс кәріз коллекторының құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети