21 ақпан 2019 19:59

НаурызChallenge мейірімділік акциясы аясында Қостанайда партиялықтар көпбалалы отбасыға үй берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республика көлемінде жарияланған НаурызChallenge мейірімділік акциясы бастау алды. Осы бастамаға алғашқылардың бірі болып үн қосқан "Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалы.


Республика көлемінде жарияланған НаурызChallenge мейірімділік акциясы бастау алды. Осы бастамаға алғашқылардың бірі болып үн қосқан "Нұр Отан" партиясының Қостанай облыстық филиалы.

Партиялықтар жылдың жаңа маусымын жақсы іспен бастап, өзгелерге жақсылық жасауға үндейді. Маңызы мол, қайырымды іс жасау науқаны алдымен Таран ауданында көрініс тапты.

Елді мекенге қарасты Тобыл ауылында көп балалы Смирновтар жанұясы талай уақыттан бері баспанаға мұқтаж болатын. "Нұр Отан" партиясы олардың бұл армандарын жүзеге асырды. "Первомайский щебеночный завод" серіктестігінің басшысы Ким Сергей Романұлы мен "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев оларға салтанатты түрде үйдің кілтін табыстады. Көп балалы отбасының қуанышы қойнына сыймай, шексіз риза болды.

"Бұл мен үшін үлкен бақыт. Ескі үйдегі жағдайымыз онша болмайтын. Балалар болса өсіп жатыр. Партияға және кәсіпкерлерге көрсеткен көмектері үшін айтар алғысым шексіз", - дейді Елена Смирнова.

Айта кету керек, #НаурызChallenge мейірімділік акциясына кез келген азамат қатыса алады.

"Осы ретте кіші және орта бизнес өкілдері мен бұл мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтарды көп балалы отбасылар, көмекке мұқтаж жандарға жәрдем жасауға белсенділік танытуға шақырамын. Өмірдің қиыншылығын көріп отырған жандарға көмектесу- біздің ортақ міндетіміз", - дейді "Нұр Отан" партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев.

Осылайша партиялықтар жақсылық жасау акциясын бастады. Мейрімділік бастамасының қатысуышысы атанғыңыз келсе онда: #НаурызChallenge #ДелайДобро #ЖақсылықЖаса хэштегімен әлеуметтік желілерде #НаурызChallenge #ДелайДобро #ЖақсылықЖаса деп фото-бейне қалдыруыңыз керек.

"Бір-бірімізге маңызды әрі пайдалы жақсылықтарды мейіріммен жасаймыз. Жақындарымызға, әсіресе көмек пен жылуға зәру жандарға қуаныш сыйлаймыз", - дейді партиялықтар.

Жақсылық жасайық! #НаурызChallenge-ге қосылыңыздар!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети