21 қаңтар 2014 13:38

Наурызда АЭС салу мерзімі анықталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Биыл наурыз айында экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстандағы жаңа мұнай өңдеу зауыты мен атом электр стансасын салу және орналастыру бойынша тиісті ұсыныстарды жасайтын болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап. "Ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысының қарауына төртінші мұнай зауыты мен атом электр стансасын салу және орналастыру мерзімі бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі", - деп мәлімдеді Үкіметтің бүгінгі отрысында Е.Досаев. Ал атом стансаларына арналған ядролық отынды ұйымдастыруға қатысты ұсыныстар жылдың соңына дейін әзірленеді. Айта кетейік, биылғы халыққа Жолдауы барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда атом электр стансасы мен төртінші мұнай өңдеу зауытын салуды тапсырды. Осыған орай, Үкіметке биылдан қалдырмай тиісті ұсыныстарды жасау тапсырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети